Алакөлде демалушылардың бірінің аяғына ота жасалды

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 581
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алакөлге демалуға барған ер адамның аяғына ота жасалды. Оның қазіргі жағдайы өте ауыр деп бағалануда. Алакөл ауданының дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр.

Оқиға демалыс күндері Алакөл көлінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам мас күйінде суға батып кете жаздаған. Туристердің бірі оны қайықпен барып құтқармақ болғанда, аяғын бұрандаға зақымдап алған.

Жарақат алған 1984 жылғы азамат жедел Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, оған сол жақ сан сүйегі мен тізе буыны шытынап сынған деген диагноз қойылды. Салдарынан оның сол аяғын кесуге тура келген.

"Бүгінде науқастың жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында жатыр", – деп хабарлады Zakon.kz тілшісіне Алакөл аудандық орталық аудандық ауруханасы.

Бұл факті бойынша полиция бөлімінде қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.

"Бұл факті бойынша Алакөл ауданы полициясының қызметкерлері қылмыстық кодекстің 344-бабы (" Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Жетісу облысының полиция департаменті.

Науқас дәрігерлердің жіті бақылауымен ем қабылдап жатыр.

Материал: Zakon.kz-тен алынды.

Фото: көрнекілікке ұсынылды