"Климат айтарлықтай жақсарды": Полиция қызметіне келіп жатқан жастар көбейді

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 542
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары Шыңғыс Алекешев полиция қызметіне келіп жатқан жастар көбейгенін айтты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат дерегіне сүйеніп. 

«Жалпы, қабылданған шаралардың арқасында ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моралдық-психологиялық климат айтарлықтай жақсарды. Сауалнама кезінде мұны қызметкерлердің 89 пайызы растап отыр. 90 пайызы психологиялық және жауынгерлік әзірлігін жоғары деңгейде бағалады», - Ш. Алекешев министрлікте өткен брифингіде.

Оның айтуынша, жастар арасында полиция қызметіне деген тартымдылық жоғарылады.

«Ішкі істер органдарына қызметке қабылданғандардың саны 1,5 есеге өсті. Кадрлардың тұрақтамауы көрсеткіші 20 пайызға азайды. Оның ішінде өз еркімен жұмыстан кеткендер саны төрттен бір дегейге төмендеді», - деді ведомство өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл «Алтын белгі» иегері атанған 14 талапкер полиция мамандығын таңдады.

Фото: ашық дереккөзден