Талдықорғанда 4 жасар бала отбасылық демалыс орталығының бассейніне батып кетті

Уақыты: 02.08.2023
Оқылды: 800
Бөлім: КҮНДЕРЕК

2023 жылдың 1 тамызында Талдықорғандағы бассейндердің бірінде жас бала суға батып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz .

Zakon.kz тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар департаментінен хабарлағандай, бала Талдықорғандағы отбасылық демалыс орталықтарының біріндегі бассейнге батып кеткен.

"Шақыру орнына жеткенде ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті, бірақ, өкінішке орай, баланы құтқарып қалу мүмкін болмады".Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта департаментте атап өткендей, жедел-іздестіру шараларын Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлері жүргізіп жатыр.

Дәл осындай қайғылы оқиға 2023 жылдың 13 шілдесінде Ақтауда болған. л кезде қалалық мәдениет үйлерінің біріндегі бассейнге тоғыз жасар бала батып кеткен.

Фото: көрнекілікке алынды