Жетісуда 568 мың азаматтың денсаулығы сақтандырылған

Уақыты: 17.03.2024
Оқылды: 459
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты міндеті – пациенттердің құқығын қорғау. Осыған сәйкес, Жетісу облысында тұратын 698 мың адамның 568 мыңы МӘМС жүйесінде сақтандырылған. Бұл туралы Талдықорғанда өткен баспасөз жиынында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жетісу  облысы  бойынша  филиалының  директоры  Иван  Самойленко мәлімдеді.

Филиал басшысының сөзінше, бүгінгі күнде мемлекет жарна бөлетін азаматтардың 15 санаты бар. Бұл тізімге балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар, жұмыс  істемейтін  жүкті әйелдер, мүгедектігі бар адамдар және тағы басқалар енгізілген. Мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары осы жылдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде ҚР бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен ай сайын төленеді.

 – «2023  жылы  барлық  жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша ақаулар анықталып, жалпы сомасы 889 млн. теңгеден астам экономикалық ықпал ету шаралары қолданылды. Ақаулардың ең көбі: «Көрсетілетін медициналық көмектің көрсетілетін/ қызметтер көлемін негізсіз арттыру» бойынша 84 пайыздан астам болып белгіленді. Сондай-ақ, «Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардан, ережелерден/клиникалық хаттамалардан ауытқу». Барлық анықталған ақаулар 10 пайызды құрады. Сондай-ақ, медициналық көмек көрсетудің расталмаған жағдайлары, яғни «қосып жазу» жиі анықталады. Айта кету керек, 2023 жылы мониторинг бөлімінің сарапшылары іс жүзінде көрсетілмеген қызметтерден 3500-ге жуық «қосып жазу» ісі бойынша 29 млн.теңгеден астам  қаражатты әшкерлеген», - деді Иван Самойленко.

Айдын КӘЛІМХАН