Адам миына нейрочип орнатты

Уақыты: 27.04.2024
Оқылды: 309
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Neuralink» компаниясы гаджеттерді Bluetooth арқылы басқаруға мүмкіндік беретін нейрочипті алғаш рет адам миына орнатты.

Жоба 2016 жылы іске қосылғанымен бұрын зерттеу тек жануарларға ғана жүргізілген. Енді адамға жасалып отыр. Компанияның негізін қалаушы Илон Маск Х әлеуметтік желісінде науқас өзін жақсы сезінетінін, ал алғашқы нәтиже өте керемет екенін жазды. 

«Чип ой арқылы телефон немесе компьютерді, ал олар арқылы кез келген құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді. Оларды алғаш болып аяқ-қолынан айырылған адамдар пайдаланады. Ойлап көріңізші, Стивен Хокинг машинист немесе аукционшымен тез тілдесе алса қалай болар еді? Мақсат – осы»  деп жазды Маск.

Жаңа өнім «телепатия» деп аталады. Ол – есту аппараты сияқты құлақ артына қыстырылатын қабылдағыш-капсула. Құрылғы арқылы миға жіңішке электродтар барады. Жалпы миға 1,5 мың электрод орнатылады. Олардың әрқайсысы адам шашынан төрт есе жіңішке. 

Ескерту: материал интернет парақшаларынан дайындалды.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: 
ks-yanao.ru