Жетісу облысында жаңғыртылған ХҚКО ашылды

Уақыты: 20.03.2024
Оқылды: 424
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін Жетісу облысы Талдықорған қаласында жаңғыртылған ХҚКО ашылды. Орталыққа қала әкімі Ернат Бәзіл, цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Джангельдыевич Темирбаев және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Манап Қобылан келді.

Айта кетейік, бұл Жетісу облысындағы үшінші жаңғыртылған ХҚКО. Сонымен қатар, халықтың барлық жаңа цифрлық кеңселері азаматтарға ыңғайлы болу үшін заманауи жабдықтармен және жайлы жиһаздармен жабдықталған. Сонымен қатар, жаңа цифрлық кеңседе дәстүрлі мемлекеттік қызметтерден басқа, 10 минут ішінде қызмет алуға болатын жылдамдық аймағы, әлеуметтік қызметтер бөлімі, оператордың көмегінсіз келушілер қажетті қызметті, оның ішінде ЭЦҚ-ны өз бетінше ала алатын жайлылық аймағы бар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында оператордың көмегінсіз қызмет алу үшін ноутбуктер орнатылған. Сондай-ақ, осы аймақтарда қызметкерлер азаматтарды цифрлық сауаттылыққа үйретеді.

"Талдықорған қаласында 202 мыңға  жуық азамат тұрады. Жаңғыртылған ХҚКО-ға күніне 700-ге жуық клиент келеді деп болжануда. Орталықтың жаңа дизайны мен аймақтарға бөлінуінің арқасында қызметтерді алу одан да ыңғайлы болады", - деді Мемлекеттік корпорацияның Жетісу облысы бойынша филиал директорының м.а Абзал Омаров.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Жетісу облысында он Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Ескелді ауданында  тағы бір жаңғыртылған ХҚКО ашу жоспарлануда.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстың ХҚКО-ларында азаматтарға 103 мыңға жуық қызмет көрсетілді.

"Жетісу-Ақпарат"