5 сәуірде ауа райы қандай болады

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 264
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазгидромет синоптиктері 5 сәуір, жұмаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Қазақстан аумағы бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, сол себепті жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 

Қазақстан бойынша тұман түсіп, оңтүстік-батыста, оңтүстікте жел күшейеді.

Түркістан облысында дауыл соғады. 

Фото: Pexels