Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады

Уақыты: 17.04.2024
Оқылды: 242
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 17-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.

Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады. ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жауыы ықтимал.

Фото: Александр Павский / Kazinform