ҒАШЫҚТЫҢ ТІЛІ – ТІЛСІЗ ТІЛ

Уақыты: 17.04.2024
Оқылды: 267
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Ғашық адам белгі берер түспен де, ол білінер көзі көзге түскенде» – дейді Жүсіп Баласағұн. Осы ретте  жетісулық 15 жігіт ғашықтар күні аясында өз сүйіктілеріне отбасын құру мақсатныда сөз салды. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында 15 сәуір «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» күніне арналған «Сезім үшін…» атты концерт өтті.

Шара шымылдығын драма театр әртістері түрді. Махаббат тақырыбында өлеңдер оқып, көңілге жылылық ұялатар шағын қойлым қойды.

15 жұп болашақ жарларына ерекше әдіспен ұсыныс жасады. Бірі жұмыс уақытында, енді бірі жиналыс кезінде тосыннан келіп шынайы сезімдерін білдірген. Мереке күні ұсыныс жасаған жұптар театрға арнайы шақырылып, оларға гүл шоқтары табысталды. Солардың бірі Б.Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебінің мұғалімі Бейімбет Советбек.

Мен өзім 25 орта мектепте жұмыс жасаймын. Ал мен ұнатқан қыз қаладағы 9-шы білім ордасында қызмет етеді. 15-і күнін арнайы белгіледім. Сол мектептің мұғалімдермен алдын ала келісіп те қойдым. Ғашығым 15-күні ашық сабақ өткізіп жатқан болатын, сол сәтті арнайы белгілеп сөз салдым. Ол мені көрген кезде қатты таң қалды. Ұсынысымды осылай жасадым, – деді ол.

Кеш аясында ән шырқаплып, би биленді. Сахнада Жетісу облысының Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бишілер ансамблі, Медет Тұзбаев, Жомарт Такебаев, Гүлім Ахманова, Алмагүл Батталиева, Жігер Арап, Көркем Рабат, Азамат Үмбетов, Ақбота Сабыржанова, Асхат Мадиев, Бексұлтан Бекайдаров, Данель Мырзабеков сынды өнерпаздар өнер көрсетті.

Облыс әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев салатантты шараның куәгері болды.

15 жұпқа қазағымыздың жақсы бір үлгілі отбасыларына айналсын деп тілек білдіреміз. Олардың енді қателесуге құқылары жоқ. Себебі осылай көпшіліктің алдында бір-біріне сөз салып, бір-біріне махаббатына берік боламыз деп уәде бергеннен кейін енді сол уәделерін тұру керек деп ойлаймыз. Жақсы отбасы болсын. Қазағымыздың тәрбиелі, өнегелі отбасылар көбейе берсін, – деді Мәрлен Көлбаев.

Шара соңында қос ғашықтарға «Таптым-ау сені» лирикалық драмасына сертификат табысталды. Көпшілік жастарға баянды бақыт тілей тарқасты.

Дана САНСЫЗБАЙ

ЖУ студенті