"Екі бала тірідей өртеніп кетті": Атырауда жантүршігерлік оқиға болды

Уақыты: 25.04.2024
Оқылды: 295
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Бүгін, 25 сәуірде сағат 05:37-де 112 нөміріне Индер ауданы, Индербор ауылындағы 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде түтін шыққаны туралы хабарлама түскен.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Атырау облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Ведомство мәліметінше, өрт сөндірушілер келген кезде 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны анықталған.

Жатын бөлмеден  2014 және 2017 жылы дүниеге келген балалардың денесі табылған.  Балалардың 1995 жылғы анасы ауыр хәлде табылды. Әйелдің  1994 жылғы азаматтық некедегі жолдасы да ес-түссіз күйде табылған. Қазір екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр. 

Фото: depositphotos.com