ҰШУҒА ЖАРАМСЫЗ: "BEK AIR" ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТТЫ

Уақыты: 28.12.2019
Оқылды: 914
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bek Air" әуе компаниясының пайдалану және ұшу жарамдылығын көрсететін сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің ұшу жарамдылығын көрсететін куәлігі 2019 жылдың мамырында берілген. Апатқа ұшыраған "Fokker-100" ұшағы 1996 жылдың сәуір айында құрастырылған. Қазақстанда 2016 жылдың 26 тамызында тіркелген (куәлік нөмірі 940). "Bek Air" әуекомпаниясында барлығы 10 ұшақ бар. Қазіргі уақытта Қазақстанның авиациялық әкімшілігі "Bek Air" әуе компаниясының пайдаланушы және ұшу жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. "Bek Air" компаниясының пайдаланушы сертификаты ұшу қауіпсіздігі бойынша барлық мәселелер толық шешілгенге дейін қолданылмайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"