"АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН": АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 31.12.2019
Оқылды: 890
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Құрметті  облыс тұрғындары! Сіздерді Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Осы жарқын мерекені біз отбасымызбен бірге, жақын жандарымыздың ортасында қарсы аламыз. Өткен жылды қорытындылап, болашағымызға жоспар жасаймыз, ең аяулы арманымызды үкілеп, үміт артамыз.

2019 жыл маңызды оқиғаларға, тынымсыз еңбекке толы жыл болды. Бұл жылды біз жақсы көңіл-күймен шығарып салдық, себебі, 2019 жылда біздің облысымыздың жеткен жетістіктері аз емес. Бұл - табыстардың барлығы да Жетісу халқының еңбексүйгіштігінің, жауаптылығы мен кәсіби біліктілігінің жемісі.

2020 жыл даму жолымыз жалғасатын, бірлік пен берекеміз нығаятын, ойға алған барлық арман-мақсатымыз орындалатын кезең болады деп сенемін.

Құрметті жерлестер! Жайдарлы да жарқын жаңажылдық мерекеде облыс өміріндегі белсенділіктеріңіз үшін, маңдай тер, еселі еңбектеріңіз үшін, елжандылықтарыңыз бен ізгі пейілдеріңіз үшін сіздерге шын жүректен алғыс білдіремін.

Жаңа жыл баршаңызға жаңа үміттер, жарқын сәттер, жақсылықтар сыйласын! Әр отбасына шаттық пен қуаныш, молшылық пен береке алып келсін! Бәріңізге мықты денсаулық, сарқылмас бақыт тілеймін!

Жаңа жыл құтты болсын!

Амандық БАТАЛОВ,

Алматы облысының әкімі