АМАНДЫҚ БАТАЛОВ ҚАЗАҚТЫҢ ҮШІНШІ ҒАРЫШКЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Уақыты: 12.04.2020
Оқылды: 813
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ Ғарышкерлер күніне орай әлеуметтік желіге пост жазды. Өз сөзінде ол Халық қаһарманы, Жетісу өлкесінің перзенті, жастарға үлгі тұлға, қазақтың үшінші ғарышкері Айдын АЙЫМБЕТОВТІ құттықтады.

"Аты аңызға айналған ғарышкерлердің сапын терең білімімен, ерен еңбегімен, таусылмас күш-жігерімен танылған жерлесіміз, жетісулық Айдын Айымбетов толықтырды. Ол тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш ғарышкері атанды. Оған ерен ерлігі үшін "Халық қаһарманы" атағы берілді. Ол Әуе қорғанысы күштерінің генерал-майоры. Осы орайда біздер, жетісулықтар, отандасымыз әрі жерлесімізбен мақтанамыз. 12 сәуір - Айдын Айымбетовтің кәсіби өмір жолы басталған күн. Ол барша жастарға жарқын үлгі болатын жан. Облыс тұрғындары атынан Айдын Ақанұлын кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Зор денсаулық, сәттілік тілейміз", - деді Амандық Баталов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"