Астық экспорты бойынша рекорд

Уақыты: 16.01.2024
Оқылды: 444
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Бал аралары мен балапандарға арналған азық қант қызылшасы шәрбатынан дайындалады. Бірегей өндірісті жергілікті тұрғын Олжас Найзабеков іске қосты.

Сарапшылардың айтуынша, былтыр карантиндік шектеулер күшін жойды, соның салдарынан бұрын қытайға астық экспорттау мүмкін болмады. Екінші жағынан, Ресей Қазақстанды Ауғанстан мен Қырғызстанның дәстүрлі нарықтарынан ығыстыруды жалғастырып келеді. Оған қоса, санкцияларға байланысты есеп айырысу қиынға соққан Иран үшін жеткізілім біршама төмендеді. 

Шын мәнінде Қытайға астық экспортын көбейту – бұл басқа да маңызды бағыттар бойынша жеткізілімдерді қысқартуды өтеу әрекеті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, сарапшылар атап өткендей, өткен қаңтар-қазан айларында қытайға бидай экспорты 475,2 мың тоннаны құраған. Ал Иранға жеткізілім 8 есеге, яғни, 68,4 мың тоннаға дейін, Ауғанстанға 15%-ға, оның ішінде 379,1 мың тоннаға дейін, ал Қырғызстанға 10%-ға, соның ішінде 3,3 мың тоннаға дейін төмендеген.

Десек те маңызды нарықтарға жеткізілімдердің төмендеуіне қарамастан жалпы бидайдың шетелге жеткізілімі 6,2 млн. тоннаға дейін өскен. Мұның басты үлесі Қытайға емес, Өзбекстанға тиесілі. Ел жалпы көлемнің жартысын  (3 млн. тонна) және жалпы өсімнің 60%-ға жуығын жалғыз өзі қамтамасыз еткен.

Айгүл Байжұмақызы
Фото: egemen.kz