АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА ІРІ НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 17.01.2024
Оқылды: 443
Бөлім: ЭКОНОМИКА

2023 жылдың күз айында Достық ауылында ірі мультимодальды теміржол көлігі-логистикалық орталығы іске қосылды. Нысан 18 гектар аумақта орналасқан.

Аталған орталық өз қоймаларында 800 вагон тасымалдауға, тиісінше 10 теміржол торабын қажет ететін тауарлар көлемін қамти алады. Әрі бұл кешен Қазақстан мен Қытай, сондай-ақ Еуразияның басқа елдері арасында жүктерді тиімді және жылдам тасымалдауды қамтамасыз ететін заманауи орталық деуге болады. Ол ҚХР шекарасында орналасқан. Өздеріңіз білетіндей, Қытай жағында Алашанькоу станциясындағы халықаралық өткел орналасқан.

         Қазірдің өзінде аталған көлік-логистикалық орталықтың ашылуымен 200-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан. ««ETT Dostyk» көлік-логистикалық орталығы тәулігіне 1200-ден астам TEU және теміржол майданында 450-ге дейін шартты вагондарды өңдеуге қабілеті бар.

"Үлкен кешеннің жылдық жүк айналымы  – 450 000 контейнер, жартылай вагондарда 250 000 тонна жүк, жабық вагондарда 150 000 тонна жүк және 120 000 жеңіл автомобилге жетіп отыр. Алдағы уақытта бұл орталықтың ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатындай жұмыс атқаратын боламыз»,  –дейді орталық басшысы Сергей Гордиенко.

Кешен аумағына қызметкерлер мен жалға алушыларға арналған кеңсе бөлмелері бар әкімшілік ғимарат, ауданы 1000 шаршы метр қойма жайы, сыйымдылығы 800 TEU немесе 10 пойызға дейін 2 гектар контейнерлік алаң, финдік konecranes фирмасының әрқайсысының жүк көтергіштігі 41 тонна болатын екі краны, әрқайсысының ұзындығы 1050 метр болатын алты теміржол жолы (үш кең және үш тар жол) ​ орналасқан. Кешен өз клиенттері мен серіктестері үшін сервис пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"