ҚАПШАҒАЙ АУМАҒЫНДА БИЫЛ ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ 867 ГЕКТАРҒА ЕГІЛЕДІ

Уақыты: 13.04.2020
Оқылды: 952
Бөлім: ЭКОНОМИКА

Қапшағай өңірінде биыл 13666 гектар егістік алқабы игеріледі. Оның ішінде 8448 гектары суармалы жер. Бұл жоспар өңірдің әлеуметтік-экономикалық кешенді бағдарламасына сәйкес жасалды.

Қапшағай қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылғы жоспар бойынша дәнді дақылдар 4297 гектарға, оның ішінде, жаздық арпа 3941 гектарға, дәндік жүгері 356 гектарға, майлы дақылдар 4062 гектарға, картоп 350 гектарға, көкөністер 1745 гектарға, бақша дақылдары 190 гектарға, қант қызылшасы 867 гектарға, мал азығы өнімдері 2155 гектарға себіледі.

Бүгінгі күнде ауылшаруашылық тауарын өндірушілермен 2020 жылдың егістігіне қажетті сапалы тұқымдар егілуде.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"