ТОҚАЕВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛДЕРІ ЖУРНАЛИСТЕР ҮЙІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 938
Бөлім: САЯСАТ

ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысындағы сенімді өкілдері Талдықорғандағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын жан-жақты таныстырып, ұстанымын түсіндірді.

Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасы «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталады. Жетісу өңіріндегі сенімді өкілдерінің бірі Мәди Алжанбай жалпы тарихтағы билік басшыларының орнын түсіндіре келіп, әрқайсысының ел үшін жасаған еңбегіне тоқталып, бүгінгі кандидаттың да ұстанымы ел мен жердің болашағы үшін екендігін айтса, Забира Сайдильдина «Әділетті мемлекет», «Әділетті экономика» және «Әділетті қоғам» атты үш тақырыптан тұратын Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұғырнамасының әр тақырыпшасына тоқталып, орамды ойын ортаға салды.

Тілшілер қауымымен жүз-дескен сенімді өкілдерінің бірі Руфина Усанова да кандидаттың осыған дейінгі ісі мен келешекте жасалатын жоспардағы жұмысы туралы айтты.

Үміткердің өңірдегі сенімді өкілдері әлі де кездесулер өткізіп, тұғырнаманы түсіндіру жұмыстарын жүргізе бермек.

Серік ҚАНТАЙ

Жетісу облысы