САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІНЕ АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Уақыты: 16.11.2022
Оқылды: 1230
Бөлім: САЯСАТ

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Атырау қаласында еліміздегі ана мен бала өліміне арналған жиын өткізді.

Кандидаттың штабы таратқан мәліметке қарағанда еліміздің батыс өңірінде үгіт-насихат жұмыстарымен жүрген Салтанат Тұрсынбекова «Ranking.kz» деректеріне сілтеме жасап, Ұлттық жоспарға сәйкес, ана өлімі 2021 жылы 100 мың тірі туғанға шаққанда 35-тен төмендеп, 2025 жылға қарай 10-ға дейін азаюға тиіс болған. Алайда іс жүзінде 2021 жылы бұл көрсеткіш 44,7 болғанын, Атырау облысындағы ана өлімінің нақты көрсеткіші жобалағаннан үш есеге жоғары екендігін атап өтті. Оның айтуынша, нәресте өлімінің басты себептеріне перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар, туа біткен ауытқулар, инфекциялық және паразиттік аурулар жатады.

Yessenov университетінің оқытушылары, студенттері, түлектері, жалғызбасты аналар мен әскерге шақырылған жастардың аналарымен кездесу өткізіп, көпшілікті толғандырған жайларды талқыға салған кандидатқа жұртшылық сайлауалды бағдарламасына қатысты сұрақ қойып, мәселелердің шешімін білді.

Мәди ӘСЕТҰЛЫ