САЯСАТ НҰРБЕК: ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ ЕКІНШІ ДЕМ БЕРУ КЕРЕК

Уақыты: 08.07.2023
Оқылды: 1691
Бөлім: САЯСАТ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Теміртаудағы Қарағанды индустриалды Университетінде жасаған сапарында өңірлердегі университеттердің білімін жетілдіріп, сапасын арттыру турасында айтты. 


Саясат Нұрбек түлектерге жасанды интеллект дәуірі басталған кезде жаңа шындықта өз орнын табуды тіледі. Министр екі кеңес берді: ағылшын тілін жетік білу және оқуды тоқтатпау.

«Биылдан бастап өңірлік университеттеріне ауыл шаруашылығы саласы үшін техникалық мамандар мен кадрлар даярлауға жеке квота бөлінеді. Біз «Академиялық шеберлік орталығы» бағдарламасын іске қостық. Жабдықтарды, зертханаларды, оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу, мықты мамандарды, соның ішінде шетелден тарту үшін қосымша қаржы алатын 15 өңірлік университет таңдалды. Өңірлік жоғары оқу орындарына екінші дем беру керек», - деді Саясат Нұрбек.