"Жауапты тарихи сәт келді": Президент өте маңызды жұмысқа бірге кірісу керегін айтты

Уақыты: 09.08.2023
Оқылды: 951
Бөлім: САЯСАТ

Президент Павлодар облысына жұмыс сапары барысында еліміздің жаңа экономикалық модельге көшу қажеттігін, жауапты тарихи сәт келгенін айтты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Ақорданың баспасөз қызметі дерегіне сүйене отырып хабарлайды. 

Мемлекет басшысы сапар аясында қыркүйек айында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялайтынын, алдағы жауапты тарихи сәттегі елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын жеткізуді жоспарлаған. 

photo«Біз мүлдем жаңа бағытқа көшу үшін Қазақстанның экономикалық дамуына тың серпін беруіміз керек. Жауапты тарихи сәт келді. Демек Қазақстан экономикасы да қазіргі деңгейде қала алмайды. Сөзсіз солай боларына сенімдімін. Үкіметтің міндеті – тиісті ұсыныстар беру. Бұл – бірінші. Екіншіден, осы ұсыныстарға сәйкес дайындалатын жоспарларды іске асыруға кепілдік беру. Бірақ мен жаңа экономикалық модельді іске асыруға және дайындауға қатысты көзқарасымды жасырмаймын. Жақында Жоғары экономикалық кеңестің отырысын өткіздім. Ашығын айтқанда, сол жиында отандық экономистерді сынға алдым. Менің ойымша, олар істі соңына дейін жеткізе алмайды. Креативтілік жоқ. Біздің және жалпы мемлекеттің алдында тұрған міндеттерді түсінбейді. Халық бізден нақты шешімдер күтеді, өйткені ең өзекті мәселелерді шешу қажет. Халқымыздың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету еліміздің экономикасының даму тұжырымдамасына қатысты біздің ұстанымымызға тікелей байланысты. Мұны түбегейлі шешімдерсіз еңсеру қиын. Біз еліміздің экономикалық дамуына тың серпін беруге бағытталған осы өте маңызды жұмысқа бірге кірісуіміз керек», - деді Мемлекет басшысы.

Фото: akorda.kz