Қазақстан Президенті ресми сапармен Италияға барды

Уақыты: 18.01.2024
Оқылды: 744
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қазақстан Президентін Рим әуежайынан Италияның Қорғаныс министрі Гвидо Крозетто, Рим Папасының өкілі Франческо Каналини қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.

Мәлім етілгендей, Қасым-Жомарт Тоқаев ертең, 18 қаңтарда Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеспек. 

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі