Башқұртстан президенті Қазақстанға келеді

Уақыты: 22.01.2024
Оқылды: 773
Бөлім: САЯСАТ

Башқұртстан президенті Радий Хабиров Астанаға келеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында айтты.

23-24 қаңтарда Башқұрстан Республикасының басшысы Радий Хабировтың Астанаға сапары өтеді. Сапар аясында башқұрт делегациясы Қазақстан-Башқұртстан бизнес форумына, сондай-ақ Қазақстан-Башқұртстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмыс тобының отырысына қатысады, - деді Айбек Смадияров.

Еске салайық, 2021 жылдың қыркүйегінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан басшысы Радий Хабировты қабылдады.

Кездесуде бірлескен кәсіпорындар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, металлургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.

 фото: akorda.kz