Президент Тоқаев Алматыға барады

Уақыты: 23.01.2024
Оқылды: 660
Бөлім: САЯСАТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды. Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді.