ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУҒА ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ ЖАЗБА ҚАЛДЫРДЫ

Уақыты: 30.05.2020
Оқылды: 835
Бөлім: САЯСАТ

Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет. Бұл туралы Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Twitter" парақшасында жазды.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысына қатыстым. Адами капиталды қалыптастыру мақсатында білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын дамыту мәселесін талқыладық. Бұл салаларға қазіргі заман талабына сай түбегейлі реформалар жүргізу қажет», - деді Президент. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстандағы білім деңгейі халықаралық бағалау нәтижесі бойынша артта қалып отырғанын, оған жеткіліксіз қаржыландыру себеп болып отырғандығын жеткізді.

- Жылына әр оқушыға бөлінетін қаржы бір мың долларға жетпейді. Реформалардың жүйесіздігі де теріс ықпал етуде. Мектеп инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай болуы керек. Қазақ тілін оқыту сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлу қажет. 2021 жылдан бастап Тіл комитеті Білім және ғылым министрлігінің құрамында болады, - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"