ҚАПАЛДЫҚ ПОЛИЦЕЙ ЖАРЫЛЫСТЫҢ АЛДЫН АЛЫП, 12 ЖАСАР БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Уақыты: 27.10.2021
Оқылды: 1082
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қапал ауылының учаскелік полиция инспекторы жанып жатқан үйден 6-сынып оқушысын аман алып шықты. Бұл - жыл басынан бері полицейлердің түрлі қиын жағдайда адам өмірін сақтап қалған алтыншы дерегі. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Полиция аға лейтенанты Нарқұлан Дәулетхан өрт туралы хабарлама бойынша бірінші болып келді. Алдыңғы есік құлыптаулы, ал үйде от жанып жатты. Еш ойланбастан есікті бұзып, жалын мен түтін арасынан тоғыз жасар баланы тапты. Белгілі болғанындай, үлкендері үйде болмай, мектептен келе сала бала жұмыртқа дайындайын деген. Бірақ бірнеше минуттан кейін өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенге дейін учаскелік инспектор газ баллонының жарылуына жол бермей, жалынды өз бетінше сөндірген", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция лейтенанты Дәулетхан туған Қапал ауылында учаскелік инспектор болып екі жыл жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол ауылдастарының құрметіне бөленген, сыйлы жан әрі мейірімді әке. Бұрын спортшы болған, қазіргі жас тәртіп сақшысы бос уақытында балаларды қазақша күреске үйретеді. Егер қылмыс туралы айтатын болсақ, Қапалда қылмыс орта деңгейден төмен. Жыл басынан бері мұнда 15 қылмыс, негізінен ұрлық тіркелген, барлығы ашылған.

- Маған менің жұмысым ұнайды. Біріншіден, тұрғындармен қарым-қатынас көп. Мен бәрін білемін және мүмкіндігінше проблемалық мәселелерді заңды түрде шешуге тырысамын. Мен өзімді батыр деп санамаймын, өйткені, бұл адамдарға көмектесу менің міндетім, - дейді полиция қызметкері.

Биыл тәртіп сақшыларының көмегімен бірнеше адам өрт және үш суицид оқиғаларынан құтқарылды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"