ТАЛДЫҚОРҒАН ГАРНИЗОНЫНЫҢ ДЕСАНТШЫЛАРЫ ПАРАШЮТПЕН СЕКІРДІ

Уақыты: 17.02.2022
Оқылды: 1330
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда десанттық шабуылдау бригадасының әскери қызметшілері парашютпен секірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жауынгерлер алдымен жерде мұқият дайындықтан өткен соң тікұшақтан десант түсіру әрекетін жоғары деңгейде орындап шықты. "Талдықорған гарнизонындағы десанттық шабуылдау бригадасы жауынгерлік дайындық кестесіне сәйкес оқу-жаттығу шарасына қатысты. Олар әуе дайындығынан сүрінбей өтті. Бұл жерде алғаш секіріп жатқандар да бар. Жеке құрамның моральдық-психологиялық дайындығы өте жоғары. Жеке құрам парашютпен секіріп, әскери жаттығуларын өткізуге әрқашан дайын", - деді аға лейтенант Орынбасар Қаныбеков.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"