Судья Бишімбаевтың сотынан журналистерді шығарып жіберді

Уақыты: 10.04.2024
Оқылды: 326
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Астанада әйелін аса қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін сот отырысы басталғанда судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Сот отырысын журналистер сот болып жатқан Астана ғимараттары сотының алтыншы қабатынан онлайн қарайтын болды.

Фото: Информбюро