Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ: ШАҒЫМ ҚАРАЛДЫ

Уақыты: 23.07.2020
Оқылды: 482
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Алматы облысы бойынша депратаменті Еңбекшіқазақ ауданы Азат селосының тұрғындарының «Спец Строй Брэнд» ЖШС мекен-жайына хабарлама жолдады.

Онда газ құбырларын қосу және де газ құбырына қосылу үшін газбен жабдықтау  желілердің және оларға тиесілі салулардың құрылысы (құрылыс-монтаж жұмыстары) бағасы бойынша шағымы қаралған.

Қарау барысында департаментпен, ЖШС-нің іс-әрекеттерінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабын бұзу, оның ішінде нарық субъектісінің немесе белгілі бір тұтынушылар тобының заңды құқықтарына қысым жасау белгілері анықталды.

Осыған байланысты, департамент пен ЖШС мекен-жайына нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жолданды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАТАР"
Сурет ғаламтордан алынды