Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ҮШ ЖАСАР СӘБИДІҢ ӨЛІМІ: ТАЛДЫҚОРҒАН ПРОКУРОРЫ ТЫҢ МӘЛІМЕТ АЙТТЫ

Уақыты: 22.09.2022
Оқылды: 644
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғанда үш жастағы баланы аяусыз ұрып, өліміне себепкер болған деген күдікті қайта қамауға алынды. Ол мұның алдында сот санкциясымен үйқамаққа жіберілген еді. Бұл жөнінде Талдықорған прокуроры Бақытжан Әшеев мәлімдеді.

«Сот прокуратураның жеке өтінішін қанағаттандырып, бала күтушіні қайта қамауға алды», - деді Бақытжан Әшеев.

Айта кетейік, Талдықорғанда 3 жастағы баланы аяусыз ұрып, өліміне себепкер болды деген күдікпен 23 жастағы қыз бала ұсталған болатын. Бастапқыда қамауға алынған ол кейіннен сот санкциясымен үйқамаққа жіберілген еді. «Үйқамаққа жіберілген күдікті бұған дейін сотталмаған, кінәсін толық мойындаған, тергеуден қашпаған, тұрғылықты жері болған. Осыны негізге алып, сот оны үйқамаққа жіберген. Бұл жерде біз соттың шешімін заңсыз деп санамаймыз, бірақ негізсіз деп санаймыз. Сол себепті, қылмыс ауыр санатқа жататындықтан, күдікті қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін. Соған сәйкес, біз прокуратура тарапынан соттың күдіктіні үйқамаққа жіберген шешімімен келіспей, қайта күдіктіні қамауға алу жөнінде өтініш хат жолдадық. Сот біздің өтінішімізді қанағаттандырып, күдіктіні қайта қамауға алу жөнінде шешім шығарды», - деді қала прокуроры Бақытжан Әшеев.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"