Талдықорғандағы мешітте аяқкиім ұрлаған күдікті бейнекамераға түсіп қалды (видео)

Уақыты: 19.01.2024
Оқылды: 1309
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талдықорғандағы мешітте аяқкиім ұрлаған күдікті бейнекамераға түсіп қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда мешіттердің бірінен намаз кезінде аяқ киім ұрлаған азаматтың әрекеті бейнекамераға түсіп қалған.

– Қалалық полиция қызметкерлері 29 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдіктіні бейнебақылау камераларының көмегімен анықтауға мүмкіндік туды. Ұсталған адам ұрлыққа қатысын жоққа шығармайды, кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкініп отыр, – деді Талдықорған қаласы полиция басқармасының бастығы Ернар Ширбаев.     

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адамға қатысты келу туралы міндеттеме процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Жетісу облысыҰрлық