ТАЛДЫҚОРҒАНДА АВТОБЕКЕТТІҢ КЕЛБЕТІ ҚАШАН ЖАҢҒЫРАДЫ?

Уақыты: 04.02.2024
Оқылды: 3404
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Жекеменшік иесі жолаушыларға қашан жайлы жағдай жасайды? Талдықорғандағы жалғыз автобекеттің бү гінгі кейіп-кескіні сын көтермей тұр. Арнайы ба рып көзбен көріп қайттық.Көңілге қонымды дүниені біздің көзіміз де, фотоаппараттың объективі де шалмады.

Талдықорған жыл өткен сайын көркейіп, етегін кеңге жайып келе жатқан еңселі қала. Көрікті мекенге талайдың ықыласы ауып осы жаққа қоныс аударғанын көп жұрт жасыр майды. Бой көтерген жаңа ғимарат тар, тал-дар ағы жайқалған аллея, саябақтар шаһардың шаттығын шал қытып, шадыман шуағын шартарапқа шашып-ақ тұр. Алайда, қаланың еңсесін еңкейткісі келетін ескі ны сандардың мәселесі неге шешілмей келеді деген сауал көпті толғандыр май қоймайтынын аңғарамыз. Ширек ғасырлық тарихы бар автобекеттің жай-күйін жақсы деп жори алмадық.

Бұл қоғамдық орынның айналасы темір шарбақпен қоршалған. Ол ау маққа көліктерге шлагбаум арқылы өту қарастырылған. Ал жаяу-жалпы жүргіншілерге арнайы есік қойыл маған. Адамдардың бірі жаңағы шлагбаумды айналып өтсе, енді бірі ішке қарай еңкейіп кіріп әлектенеді. Несі бар, мұқтаж жан болса тесіктен де кіреді дейтін шығар бәзбіреулер. Олай да кіріп көрдік. Бірақ мұнымыз ды дамыған елдің азаматтары көрсе миығынан күліп, келеке етпейді ме екен?! Несібесін «осы жерден тауып жүрген автобекет қожайыны табыс әкеліп отырған жолаушыларға неге дұрыс жағдай жасамай отыр?» деген сұрақ көкейде тағы туындады. Мәде ниетке де, басқасына да бас ауыртып отырған басшы болса қане?!

Автобекет аумағындағы көлік тұрағының да жай-жапсары кеудеге сыздай болып батты. Алақандай тө ңіректегі шұрық-тесік жолды жамауға жағдайлары келмейді дегенге ешкім илана қоймас. Бәлки құлықсыздық шығар бұл да.

Жайдарманшылардың тілімен айтсақ, ол – ол ма?! Ғимаратқа жуы ған соң көрдік бәрін. Тозығы жетіп, сыры кеткен ағаш терезе КСРО кезе ңінен сыр шертіп, шерін тарқатқысы келетіндей қуарады. Сыртқы қабырға төңірегіне желімделген бірді-екілі кафель де ескі қабырғаны менсінбе гендей орындарынан ыршып көзден тасаға жоғалып кеткені аңғарылады.

Сырттағы көрініске көз үйренген соң автобекеттің ішіндегі ахуалды бақылауға бел байладық. Табалдырық аттағанымыз сол еді, түнекке түсіп кеткендей күйге ендік. Мына түнекте бір-біріне қарсы жүрген жүргіншілер дің қақтығысып қалуы әбден ықтимал. 5-6 қадам аттап барып жарық дәлізден бірақ шықтық. Бәріміздің назарымыз төбеден сорғалаған суда. Шатырдан ғимараттың ішіне аққан қар суының үдемесе дамылдар түрін байқамадық.

Орайы келген соң автобекеттің атқарушы директоры Серік Калимол динді сөзге тартық. 5 жыл көлемінде осы мекемеде қызмет етіп жүрген жауапты тұлғаның біздің сауалға бер ген жауабы:

– Былтыр ғана автобекет ғи маратының шатырын толықтай ауыстырдық. Өткенде де бұл жер ден осылай тамшылаған. Ол кезде шатырды ауыстырған құрылысшы ларды шақырып жөндеткенбіз, осы жолы да қайта шақыртамыз.

Бір билет сатып, соның 15%-ын ғана алып, іске жаратамыз деген атқарушы директор автобекет ал дындағы жалға беріп отырған асханалар жөнінде ештеңе айтпады. Шетінен бәрін істеп жатырмыз деп түйіндеді сөзін.

Бұл істе халықтан асқан төреші бар ма?! Сол маңда жүрген көлік жүргізу шілерінің пікірлеріне құлақ қойдық. Азатбек Байғабылов есімді азамат былай дейді:

– Әжетханаға кірсең көзің аши ды. Жылы су жоқ, ақшасын төлеп кірген соң жағдай жасалу керек қой. Асханаларының тамағы ашып кеткен, әзір әзірленген ас бермейді. Ішіне бас сұқсаң тарақандар өріп жүреді. Шын тексеріс келсе бәрін жаптырып тас тайды. Іші көгеріп кеткен.

Барлығын жаңаласа, заманауи ны санға айналдырса деген көпшілік сөзі мен біз де келістік. Жұрт көп жүретін орынның кім-кімге де жайлылығы қажет екеніне дау келтірмейміз. Қала тұрғыны Бауыржан Тоқтағанов:

– Бұл жерге көптеген өзгеріс керек. Ішіндегі жолдарын жөндеу қажет. Халық жүретін жер емес пе?! Негізінен жеке деген нәрсе бол майды. Үкіметке қайтару керек деп есептеймін. Қоғамдық орынның же кеге айналып кетуіне жалпы өз басым қарсымын.

Қала қарамағында тұрған нысан болғандықтан қала әкімдігінің де сөзін естуді жөн көрдік. Әкім аппа ратының басшысы Жеңіс Андабеков былай дейді:

– Талдықорғандағы автобекет жеке кәсіпкердің иелігінде. Оның қазіргі ахуалына иесі жауапты. Бұл мәселе Талдықорған әкімдігінде бұ рын да көтерілген. Жеке кәсіпкермен келіссөз жүргізілген болатын. Бұл нысан мемлекеттік теңгерімде болса деген ниетіміз болған. Алайда меншік иесі оны сататын ойы жоқ екенін жеткізді. Ғимарат жекеменшік бол ғандықтан оны жөндеуге ешқандай қаржы жұмсай алмаймыз.

Қолдан-қолға өтіп жүрген авто бекеттің кейіп-кескінін кім ретке келтіреді?! Қаранарда қайыр жоқ, қарағайда шайыр жоқ болып қала бермек пе?! Түйінді мәселенің түйінше гі шешілетін күнді қамкөңіл қараша ның асыға кү тетінін біле жүрейік.

Медет Жұмабай