ҚҰРБАН АЙТ МЕЙРАМЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БАС САНИТАР ЖАҢА ҚАУЛЫ ШЫҒАРДЫ

Уақыты: 15.07.2021
Оқылды: 1451
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Құрбан айт мерекесіне байланысты жаңа қаулысы шықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

2021 жылғы 15 шілдедегі №14 қаулысы негізінде Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның жиілеуіне байланысты, оның ішінде, Алматы облысында, сондай-ақ, 2021 жылдың 19-23 шілдесі аралығында Құрбан айт мерекесі кезінде Алматы облысының тұрғындары арасында COVID-19-дың таралуын болдырмау мақсатында келесідей шектеу шаралары енгізілді:

1)меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ, жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуына, бірігіп іс-шаралар өткізуіне тыйым салынады;

2)көлік құралдарынан және жеке үй шаруашылықтарынан мал сатуға және сатып алуға тыйым салынады;

3)ветеринарлық қызметтің ресми ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған сою орталықтары мен учаскелерінде (сою алаңдары, аудандардағы ветеринария қызметі бекіткен тізімге сәйкес) ғана малды союды және сатуды ұйымдастыруға болады;

4)малды тек ветеринарлық сертификатпен жабық режимде, тек тапсырыс және жеткізілім бойынша, келушілерсіз союға рұқсат;

5)бүкіл облыстағы мал сою пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау күшейтіледі;

6) Qurban2021.kz веб-сайтына өтініштер жібере отырып, құрбандық шалуға болады;

7)халыққа Құрбан айт мерекесін ұйымдастыру мәселелерін түсіндіру бойынша Call-орталық жұмыс істейді.

8)қажеттi мөлшерде тоңазытқыш жабдықтарымен, тоңазытқыштармен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын өнiмдердi (құрбандыққа шалынатын малдың етi) мұқтаж адамдарға тасымалдау және сақтау жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық ережелер талаптарын сақтау қажет;

9)әкімдіктер жанындағы мобильді топтар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимнің, эпидемияға қарсы режим талаптарының сақталуын бақылайды.

Жаңа қаулының толық мәтінімен мына сілтемеден таныса аласыздар.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"