"БІРДЕН ҮШ АДАМ": КОРОНАВИРУС ІНДЕТІ КЕГЕН АУДАНЫНДА ДА ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 29.04.2020
Оқылды: 1218
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында бір күннің ішінде COVID-19 инфекциясының 12 жағдайы анықталды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның 3-еуі – Кеген ауданында, 8-і – Жамбыл ауданында, 1-еуі Қапшағай қаласында тіркелді. Сырқаттанғандар 27 мен 56 жас аралығында. Олар Кеген аудандық ауруханасының инфекциялық бөліміне, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылындағы ауылдық аурухананың провизорлық стационарына, Шелек ауруханасының инфекциялық бөліміне жатқызылды.

Олармен байланыста болған 55 адамның барлығы оқшауландырылды. Жалпы, Алматы облысында 29 сәуір, сағат 10:22-дегі жағдай бойынша КВИ (коронавирус) жұқтырған азаматтардың саны 113-ке жетті.

Айта кетер қуанышты жаңалық, Алматы облысында 68 жастағы тұрғын коронавирус індетінен жазылып шықты. Қарасай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық ауруханасынан шыққан азамат «Олимийская деревня», 19 км тұрғыны. Бұл азамат ауруханаға 11 сәуірде түскен еді. Емделушіге 26-27 сәуірде қайталай жасалған анализдің нәтижесі теріс болып шықты. Атап өтсек, бұл – Қаскелең қаласындағы ауруханадан коронавирус індетінен жазылып шыққан 9-шы, ал облыс бойынша 10-шы адам.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды