АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚҚАНДАР ҚАТАРЫ АРТТЫ

Уақыты: 02.05.2020
Оқылды: 895
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының екі тұрғыны коронавирустан жазылып шықты. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеді.

1993 және 1999 жылы туған пациенттер Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасынан шығарылды. COVID-19 инфекциясының бар-жоқтығын анықтау үшін қайталай жасалған талдау екеуінің де ем алғаннан кейін толық айыққанын анықтаған.

Атап өтсек, 2 мамырдағы жағдай бойынша Алматы облысында коронавирустан айыққандар саны - 12.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"