"БАРЛЫҒЫ 376 АДАМ": АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТАҒЫ 15 ТҰРҒЫНЫНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 02.06.2020
Оқылды: 775
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында тағы 15 адамның коронавирус жұқтырған дерегі тіркелді.

Вирус жұқтырғандардың 5 жағдайы Талдықорған және 5 жағдайы Қапшағай қалаларында орын алса, 1 жағдайдан Ақсу, Талғар, Қарасай, Панфилов және Ескелді аудандарында анықталған. Бұл жайында Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

1964, 1973, 1975, 1989, 1962, 1987, 1996, 2015, 1994 жылдары туған азаматтардың вирус жұқтырғаны профилактикалық тексерілуден өту барысында анықталса, 1962, 2012, 1990, 1968, 1959, 1964 жылы туған 6 науқас бұрын коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болған.

Барлық науқастар оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Эпидемиологиялық тексеру жалғасып жатыр. 2 маусымдағы жағдай бойынша Алматы облысында инфекция жұқтырғандар саны 376 адамға жетті.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды