ОНЛАЙН БАСКЕТБОЛ ОЙНАУ: ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ ТАҒЫ БІР ӘДІСІ

Уақыты: 10.03.2021
Оқылды: 1734

Әлемді жаулаған пандемия кезінде көптеген қиындық болды. Әйтсе де, тығырықтан шығудың жолын лезде қарастырып, оңтайлы шешім тауып жатты. Сондай қиындықтың бірі білім саласына өз ауыртпалығын тигізгені рас. Бірақ жас ұрпақты сауаттылықтан қалдырмаудың негізгі жолы ол – онлайн сабақ.

Сонымен, барлық пән онлайн түрінде өтіп, оның да дұрыс жолдарын және оңтайлы тұстарын меңгердік. Жалпы білім берумен қатар дене шынықтыру сабағы да онлайн түрде өтті. Осы негізде оқушыларға әр сабақта түрлі жаттығулар жасатып, онлайн бағалау, бақылау түрін жүзеге асырудамыз.

Баскетбол ойыны жайлы сабақ өткізу онлайн түрінде аса қиындық туғызбайды. Оқушыларға, ең алдымен, дене жаттығуын жасатып, одан кейін ойынның шығу тарихы мен ережесі жайлы түсініктеме береміз. Сонымен қатар, ойында қолданылатын құралдардың атаулары таныстырылып, ойын қалай және неше ойыншы ойнайтынын түсіндіреміз.

Осының барлығын түсіндіріп біткесін оқушылар доппен жұмыс істейді. Ол кезде оқушылар допты алып жүру, командаласына пас беру, допты қабылдау жұмыстарын жасайды. Бұл жаттығулардың барлығы онлайн түрде бақыланып, мұғалім қадағалап отырады. Сабақтың соңында арнайы дене шынықтыру сабағына арналған тесттік жұмыстар бар, оқушылар сол тестпен жұмыс істеп, нәтижесінде пайыздық өлшем бойынша бағаланады.

Бұл - дене шынықтыру сабағының бір күнгі жаттығуы. Одан бөлек интеллектуалды сабақтар да бар.

Азамат ОМАРБЕКОВ,

№2 орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімі

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Сурет - ғаламтордан