Елена әлемнің үшінші рекатасын ұтып финалға шықты

Уақыты: 31.03.2023
Оқылды: 853

Әлемнің үшінші ракеткасын ұтқан Рыбакина АҚШ-тағы үлкен турнирдің финалына шықты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Қазақстанның теннис федерациясы дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Дәлірек айтқанда, Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты.

Отандық теннисші жартылай финалда АҚШ өкілі, әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуламен өзара жеңісті сарапқа салды.

Жарыс жаңбырға байланысты бірнеше рет тоқтатылылғанмен, тиісінше қайта жалғасып отырған.

Нәтижесінде Елена Рыбакина қарсыласынан 7:6, 6:4 есебімен айқын басым түсті.

Бұл – Қазақстанның бірінші ракеткасының қатарынан он үшінші жеңісі.  Осылайша, Елена Рыбакина Майами WTA 1000 турнирінің финалына шықты. 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ