Оқи отырыңыз
Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.
1/4 финалда WTA рейтингінде алтыншы орында тұрған Рыбакина польшалық Ига Свентекпен кездесті.
Әлемнің бірінші ракеткасы бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина тай-брейкте мықты болып, есеп - 7:6 болды. Ал үшінші сетте 2:2 есебімен жеңіске жеткен Швентек жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Кездесу екі сағат 22 минутқа созылды.
1/2 финалда Рыбакина латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.
Фото: ашық дереккөзден