«ЖЕТІСУДЫҢ» СЕГІЗІНШІ ЖЕҢІЛІСІ

Уақыты: 01.07.2023
Оқылды: 921

Ел чемпионатының 14-турында «Жетісу» футбол клубы Талдықорғандағы орталық алаңда қарағандының «Шахтерін» қабылдады. Ойын қорытындысы  – 1:3. Қонақтардың пайдасында.


Ойында жетісулықтар сапынан жалғаз голды салған – Анес Рушевич (Сербия). Ал қарағандықлықтардың құрамынан Иван Свиридов, Роман Муртазаев, Франциско Кампо көзге түсті. Бұл «Жетісудың» биылғы премьер-лигадағы 8 жеңілісі. Турнирлік кестеде 16 ұпай жинаған "Жетісу" 9-орында, ал "Шахтер" 15 ұпаймен 10-орында қала береді. 

Осы кездесудің алдында Қарағандыда өткен 13-турдың ойнында Аслан Әділдің салған голының арқасында «Жетісу» «Шахтердан» 1:0 есебімен басым түскен еді. Енді «Жетісу» 15 шілдеде Ақтауда «Каспиймен» ойнайды.