«ELORDA CUP 2023». МАХМҰД ТА, СӘКЕН ДЕ ФИНАЛДА

Уақыты: 02.07.2023
Оқылды: 930

Астанада бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан ІІ «Elorda cup» халықаралық турнирінің финалында бокстасатын жұптар белгілі.


Жартылай финалдық кездесулер ішінде әлем чемпионы Махмұд Сабырханмен Әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері Серік Теміржанов арасындағы жекпе-жек жанкүйер назарын аудартты. Жаңа салмақтағы алғашқы турнирінде Махмұд ірі жеңіске жетуді көздейді. Теміржановтан айласын асырған Махмұд 4:1 есебімен жеңді.  

Ал Сәкен Бибосынов жартылай финалда тайландтық Танарат Саенгфетті оңай ұтты.

Жастар арасында ел чемпионы болған, «Астана арландары» бокс клубында жұдырықтасқан, бүгінде Бахрейннің атынан шығып жүрген Азат Махметов карьерасындағы айтулы алтынды алуға ниетті. Сондай-ақ, Қазақстанның өкілі шықпайтын жалғыз салмақ +92 келіде этникалық қазақ бокстасады. Қазаққа жақсы таныс Данабек Байғазы ел алдында жеңіске жету үшін барын салмақ.  

51 келі
Сәкен Бибосынов (Қазақстан) – Кенже Мұратұлы (Қазақстан)

54 келі
Тимур Қабдеш (Қазақстан) – Азат Махметов (Бахрейн)

57 келі
Асылжан Серікбай (Қазақстан) – Махмұд Сабырхан (Қазақстан)

60 келі
Бекнұр Ожанов (Қазақстан) – Дилшод Абдумұродов (Өзбекстан)

63,5 келі
Ертуған Зейнуллинов (Қазақстан) – Хунатип Пиднуч (Тайланд)

71 келі
Ермаха Жакпеков (Қазақстан) – Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан)

75 келі
Нұрқанат Райыс (Қазақстан) – Диас Молжігітов (Қазақстан)

+92 келі
Данабек Байғазы (Қытай) – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

Финалдық кездесулер 2 шілдеде сағат 14:00-де болады.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен, сондай-ақ сыйақымен марапатталады.
Жүлде қоры:
- Бірінші орын -700 USD
- Екінші орын-400 USD
- Үшінші орын – 200 USD (әрқайсысы).