«ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ 2023». ТОҒЫЗЫНШЫ ЧЕМПИОН

Уақыты: 02.07.2023
Оқылды: 1265

Астанада «Қазақстан барысы 2023» турнирі аяқталды.  Финалдық белдесуде Ғалымжан Қырықбай маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғаповты жеңді. Ғалымжан турнир тарихындағы тоғызыншы жеңімпаз.


Нұрдәулет Жарылғапов екінші жыл қатарынан финалға шығып жеңіліп отыр. Ол жартылай финалда биылғы турнирдің жаңа есімі болып тыңнан түрен салған павлодарлық Мұхтар Дәлелханұлын 24 секундта таза жеңді. Маңғыстаулық балуан ширек финалда жетісу атынан түскен Руслан Әбдіразақты ұтты.

«Әскер барысы» атанып республикалық турнирге қатысқан Ғалымжан Қырықбай қарсыластарын таза жеңіп, финалға жетті. Ғалымжан үш белбеуді иеленген алғашқы балуан. Ол 2021 жылы күміс, 2022 жылы қола белбеу алған еді.