"ЖЕТІСУ" ВОЛЕЙБОЛ КЛУБЫНДА ЖАҢА БАСШЫ

Уақыты: 03.07.2023
Оқылды: 751

Тек Жетісу облысының ғана емес еліміздің намысын әлемдік аренада қорғап жүрген, Қазақстанның 8 мәрте чемпионы болған "Жетісу" волейбол клубына директор болып Нияз Жантілеуов тағайындалды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 


Нияз осыған дейін "Жетісу", "Айқаракөз" клубтарында бас бапкердің көмекшісі есебінде қызмет істеді. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев үлкен сенім артып, команданы жаңа биікке жеткізеді деген сенімде. 

Биыл облысымыздан Ұлттық лигаға қатысатын "Жетісу", "Айқаракөз" командаларында үлкен өзгеріс болмақ. Ойыншылар болса алғашқы оқу-жаттығу жиынын Талдықорғанда бастап кетті. Кезекті волейбол маусымы күзде басталады.