ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚЫМБАТ ОЙЫНШЫСЫ ТҮРКИЯЛЫҚ КЛУБҚА АУЫСАДЫ

Уақыты: 05.07.2023
Оқылды: 1029

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтияр Зайнутдиновті түркияның «Бешикташ» командасы өз қатарына қосқысы келеді. Бұл жөнінде түркиялық ұжымның спорттық директоры айтты.  


Бақтиярдың қазіргі клубы «ЦСКА» болса «Бешикташтан» 5 миллион еуро сұраған. Ресейлік команданың бұл талпынысы жөнінде түркиялық журналист Гокмен Озкан жазды.  

Ал Зайнутдиновтың ресейлік клубпен келісім-шарт мерізімі 2025 жылы аяқталады. Мәскеулік команда 2020 жылы «Ростовтан» 2 миллон долларға сатып алған. Өткен маусымда Бақтияр «ЦСКА» сапында 21 ойынға қатысып, 1 гол салып, 2 пас берді.  Команда құрамында 2023 жылғы Ресей кубогының иегері атанды. 

Бұдан былай түркияның суперлигасында қазақстандық ойыншылар легионер санатына жатпайды. Бұл жөнінде Roport жазған еді. Суперлиганың кезекті маусымы 11 тамызда басталады.

Transfermarkt сайты Бақтиярды 6 миллион еуроға бағалаған. Бұл ұлттық құрамадағы ең қымбат ойыншы. Зайнутдиновтен кейін Нұрәлі Әліп (1,20 миллион еуро) пен Марат Быстров (1 миллион еуро) орналасқан. 

Ұлттық құрамадағы мергендер тізімінде Зайнутдинов Виктор Зубаревпен бірге 12 гол салып 2-орында тұр. Ал 1-орында тұрған Руслан Балтиевтің жалпы салған голы ­– 13.