АНТАЛИЯДА АЛТЫН АЛДЫ

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 327

Түркияның Анталия қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирінде қазақстандық Жұқамырза Шүкірбеков алтын медаль жеңіп алды.


Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, Ж.Шүкірбеков J2 санаты бойынша 90 келіден жоғары салмақта қарсылас шыдатқан жоқ.

Қазақстан құрамасы Анталья жарысын 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен қорытындылады.


1 - Жұқамырза Шүкірбеков
2 - Зарина Раифова
3 - Ерғали Шамей; Даяна Федосова