ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Уақыты: 04.04.2024
Оқылды: 440

Талдықорғандағы Жастар спорт сарайының тир залында тірек-қимыл қозғалыс аппараты зақымдалған спортшылар арасында пара оқ атудан Жетісу облысының чемпионаты өтті. 


Аталған жарысқа Талдықорған қаласы, Текелі қаласынан, Ақсу ауданы, Алакөл ауданы, Көксу ауданы, Ескелді ауданы, Сарқан ауданынан жалпы 10-ға жуық спортшы қатысты.

Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының директоры Ерлан Шәкіртұлы Бақтыбаев пен жарыстың бас төрешісі Дастан Асқарұлы Газизов жеңімпаздарды марапаттап, алдағы мамыр айында болатын Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама ұтып алған жүлдегерлерге сәттілік тіледі.