АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ҚАТЫСАТЫН ДЗЮДОШЫЛАР БЕЛГІЛІ

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 429

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Гонконгта 20-22 сәуірде өтетін Азия чемпионтына баратын спортшылардың тізімін жариялады. Қатарда қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Елдос Сметов, жүлделі орындардан жарқырап көрініп жүрген Әбиба Абужақынова бар. 


 

Ерлер:

60 келі. Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев, Жанарыс Рахметқали
73 келі. Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі. Абылайхан Жұбаназар
100 келі. Нұрлыхан Шархан
+100 келі. Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

48 келі. Абиба Абужақынова, Ғалия Тынбаева
57 келі. Бахыт Құсақбаева
63 келі. Эсмигуль Куюлова
70 келі. Екатерина Токарева
78 келі. Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина.
+78 келі. Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова.

Айта кетейік, Азия чемпионатының жеңімпазына рейтингте 700 ұпай, күміс жүлдегеріне 490 ұпай,ал қола медаль алған 2 дзюдошыға 350 ұпай қосылады.

Фото: olympic.kz