100 ШАҚЫРЫМҒА ЖҮГІРДІ

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 235

Жаркент шегара отрядының 100 жылдық мерейтойына орай шегарашылар 100 шақырым қашықтыққа жүгірді.


Шара басталмас бұрын Отан қорғаушылардың денсаулықтары толықтай тексерілді. Марафоншылар Алматы–Жаркент тасжолындағы №185 шақырым белгісінен бастап, Жаркент қаласы бағытына қарай жүгірді. Марафонға подполковник Асқар Талғатов, подполковник Ернар Исанов, подполковник Абай Сапаров, аға сержант Тасқын Хамитжанов қатысты.  

Жүгіруді таңғы сағат 5-те бастаған желаяқтар кешкі сағат 20.00-де дамылдап, тыныс алуға тоқтады. Екінші күні таңғы сағат 6-да марафонды әрі қарай жалғастырды.  Шарада медициналық қамтамасыз ету де назардан тыс қалған жоқ. Марафоншылармен қатар әскери медицина көлігі жүріп отырды. 100 шақырымдық жүгіру Панфилов ауданы бойынша шегара басқармасының ауласына жеткен кезде аяқталды. Ғасырлық мерейтойға арналған спорттық шараға қатысушыларды шегара басқармасы оркестрдың үнімен қарсы алды. 

ҚР ҰҚК шегара қызметі 
Жетісу облысы бойынша 
департаменті