БҮГІН 8 ӨҢІРДЕ АУА САПАСЫ НАШАРЛАЙДЫ

Уақыты: 14.03.2023
Оқылды: 783

Алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше өңірде ауа сапасы нашарлайды.

Бұл туралы 7-SU.KZ ЖЕЛІЛІК БАСЫЛЫМЫ «Қазгидромет» РМК мәлімдемесіне сүйеніп хабарлайды.

14 наурызда 8 өңірде – Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың жиынтығы. Мәселен, тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия сияқты құбылыстар. 

Сол себепті де қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Фото: ашық дереккөзден

 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ