Әр кезең сайын келетін тілсіз жау ақырғы заманның белгісі ме?! Бүгінде бұл сауал әлемдегі өзекті мәселеге айналды. Боранды дауылға, жан-жағын жалмаған жалынға төтеп беретін тахникалық құрылғылар табиғат апатын тұсай алмайтындығына көзіміз жетті. Біз ХХІ ғасырдың басынан бергі жаһанда болған табиғи апаттарға шолу жасадық.
Қазақстан. Арал теңізінің тартылуы. 2003 жыл.
1994 жыл мен 2003 жылғы Арал теңізін салыстырсаң 6,3 метрге тартылғанын байқауға болады. Теңіз аумағының 55%-ы қысқарған. Сонымен қатар, өңірде экологиялық дағдарыс та басталды. Апат жыл өткен сайын адам өміріне кері әсерін тигізіп жатыр. Статистикаға сүйенсек, аймақтағы 1751 баланың мүгедектігі дәлелденген. Олардың басым көпшілігі белді жүйке жүйесіне шалдыққан. Мамандардың айтуынша бұл жағдайға Арал теңізінің тартылуы себеп.
Тынық мұхитының апаты. 2004 жыл.
Тынық мұхиты жағалауында 9,1-9,3 балдық жер сілкінісі болған. Алғашқы толқыны Суматра аралының солтүстігінде сілкінді. Қатты жер дүмпуінің әсерінен, биіктігі 15 метрге жуық цунами пайда болған. Көтерілген су деңгейі мұхит маңайында орналасқан елді-мекенді түп-тамырымен шайып жіберді. 300-ден астам адам қаза тауып, әлі күнге дейін инфрақұрылым қалпына келмеді.
Малайзия тұманы. 2005 жыл.
Оңтүстік-Шығыс Азияда орналасқан Малайзия түбегінде қатты тұман түсті. Тұншықтыратын түтін секілді тұман 1 апта бойы сейілмеген. Тіпті ауаның ластану индексі 500 (API)-дан асқан. Бұл шкала бойынша ең жоғарғы көрсеткіш болып есептелінеді. Төтенше жағдайлар қызметі аймақтағы порттар мен мектептерді жапқан. Гарвард және Колумбия жоғарғы оқу орындарының зерттеушілері 6500-ден аса адам көз жұмды деп мәлімдейді. Алайда, Малайзияның денсаулық сақтау ұйымы ақпараттың жалған екендігін алға тартады.
Ресей. Аптап ыстық. 2010 жыл.
Ресей Федерациясы соңғы 130 жылда болмаған, аптап ыстықты басынан өткерді. Температура 30-35 градустан түспегендіктен 23 өңірде төтенше жағдай жарияланды. Күннің ыстығы жаппай жерді құрғатты. Салдарынан бір күнде 150-ге жуық өрт шығып, 23 адам қаза тапты. Қапырықтан қашқан жұрттың 2000-нан астамы суға түсу кезінде ағып кеткен. Сонымен қатар, қамаудағы тұтқындар шыдас бермей, көз жұмғандар қатарын көбейтті.
Араб әмірлігі. Мекке. 2015 жыл.
Сауд Арабияның Мекке қаласында алып кран құлап, 107 адамның өмірін қиды. Дүлей дауылдың әсерінен кран мешіттің шығыс бөлігіне құлаған. Өкімет органдарының хабарлауынша, зардап шеккендер саны 230. Оқыс оқиғаның кадрлары әлеуметтік желіде жарияланды. Сонымен қатар, осы жылы қажылыққа келген мұсылмандардың 717 адамы, тапталып қаза тапқан. Мұндай жағдай жыл сайын қайталанып отырады.
Аустралия. Қызыл жалын. 2019 жыл
Аустралияда 6,3 миллион гектар жер өртенді. Төтенше жағдайлар қызметі 3 мыңнан астам әскери қызметкерді өртті ауыздықтауға жібергенін хабарлады. Апат аумағы едәуір үлкен болғандықтан, ұшақпен сөндіруде мүмкін болмады. 12 метрден асқан жалынға қатты желде қосылған. Кейбір елдімекендердің аспанын қызыл бұлт жауып, қою түтін ауаны ластаған. Апаттың алғашқы сатысында 24 адам қаза тапты. Орман өртінен шыққан улы-газ 10 миллионнан астам тұрғынға зардабын тигізді. 8 мың коала, басқа да 500 миллион жануар тірідей жанып кеткен. Қорғаныс министрі Линда Рейнольдс «Аустралия тарихындағы ең ірі өрт апаты», бұл іске аптақ ыстық себепші дейді. Арада екі ай өткен соң ғана нөсер құйған. Бұл жауын ел қуанышына айналған.
Куба. Найзағай. 2022 жыл.
Кубаның Матансас қаласындағы мұнай зауытына найзағай түсті. Салдарынан шикі зат қоймасы жарылып, 8 реверзуардың екеуін шарпыған. 1200-ден аса адам дене жарақатын алды. Қаза тапқандардың саны белгісіз. Өрт сөндірушілер жалынды бір тәулік бойы сөндірді. Сарапшылардың пікірінше, апатқа найзағайдың соғуы себеп болған.
Түркия. Сирия зілзаласы. 2023 жыл.
Түркиядағы жер сілкінісінен 46 мыңнан аса тұрғын қаза тапса, 180 мыңға адам жарланды. 6 мың ғимарат үйіндіге айналған. Жер сілкінісінен литосфералық тақта 3 метрге жылжыды. Бұл туралы Италияның ұлттық геофизика мамандары дәлелдеген. Жәрдемдесуге қзге елден медицина қызметкерлері мен құтқарушылар келді. Ел президенті Режеп Ердоған аза тұту күнін жариялап, 3 айға дейін төтенше жағдай енгізді.
Ал соғыстан қажыған Сирия мемлекетінде 7 мыға жуық адам көз жұмды. Көптеген нысандар қираған. Ең ауыр зілзала Алеппо қаласында болды. Бұл елде ескерусіз қалмады. Тонналап тиелген азық-түліктер мен медициналық дәрі дәрмектерге лық толы көліктер жөнелтілді. Мемлекет басшысы Башар Асад халқымен бірге. Апат болған аудандарды аралап, құтқару жұмыстарымен танысты. Зардап шеккендерге денсаулық сақтау министрлігі психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді.
Сіз бен біз білмейтін жайттар жетерлік. Ғасыр басынан бері болған жағдайлар әркімнің санасына ой салар. Адамзатпен табиғат бір-бірімен тығыз байланыста. Табиғи апат тілсіз, айтып келмейді. Онсыз да жоғалып жатқан байлықты одан әрі құртуға талпыныс жасамайық. Сондықтан табиғаттың сыйына адал болайық. Бұл бізге ескерту ме, әлде сәйкестік пе? Сіз қалай ойласыз?
Данияр АЙНАБЕКҰЛЫ
Жетісу Университетінің білімгері
Фото: ашық дереккөзден