ҚУАНЫШҚА ТОЛЫ ЖАЗ

Уақыты: 18.06.2022
Оқылды: 1096
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қарақыстақ ауылындағы Сүйінбай атындағы орта мектепте оқушылар демалысы жазғы алаң аясында ұйымдастырылып, оған бастауыш сынып жеткіншектері қуана қатысып жүр. Осы орайдағы іс-шаралар «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық» ұранымен өтуде. 

Жазғы алаңда қызықты ойындар, спорттық-эстафеталық жарыстар ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылығына көңіл бөлінуде. Балдырғандарды сурет, ән, күй, би байқауларына қатыстыру жағы да  басшылыққа алынған. Соның бір дәлелі – 2 «ә»  сынып оқушысы Аянат Қанатқызы вокал номинациясы бойынша 7-10 жас аралығындағы балалар арасында өткен республикалық «Біз бақытты баламыз» атты байқауға қатысып, бас жүлдеге, ал бейнелеу өнері  бойынша 1-орынға ие болды. Даярлық тобының жеткіншегі Алмаз Қанатұлы 4-6 жас аралығындағы балалар арасында өткен аталмыш байқауда вокал номинациясы бойынша бас жүлде иеленді.

Алма ТОПАНТАЙҚЫЗЫ
Жамбыл ауданы
Алматы облысы